Жазира, жасыл кілем өрнектеген Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Басқаның жерұйығын неғылайын Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын Осы еді ғой сағынып аңсағаным Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым
Жанымды жырға бөлеп таң атырған Әкем едің ақ таңда жаратылған Төліңнен айналайын жаңа туған! Айналайын еліңнен дара тұрған!
Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Анастасия Сафина - Саржайлау Русская девушка поет на казахском Анастасия Сафина - Саржайлау. ... Даурен Бейсенбаев 5 months ago .... Алтынай Жорабаева сағыныш ән кеші ...
Алтынай Жорабаева сағыныш ән кеші Саржайлау 2008 ж Алтынай Жорабаева сағыныш ән кеші Саржайлау 2008 ж ... Алтынай Жорабаева & Айгүл Иманбаева - Біз Сәбиттің көк туымыз ...
Алтынай Жорабаева - Туған күн перзент парызы алтынай жорабаева минусовка ... алтынай жорабаева ағажан скачать бесплатно саржайлау алтынай жорабаева