Pesni.guru - сайт для Гуру
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап
мәз болған
Көлшіктерде суларда
Үйрек ұшып қаз қонған
Тамаша еді жазғы орман
Тамашалап мәз болған
Қайран Қарасазым-ай (3 рет)
Үйрек ұшып қаз қонған
Елік ертіп лағын
Еңкейеді суатқа
Елеңдешіп құлағын
Тыншымайды бірақта
Тамаша еді жазғы орман
Тамашалап мәз болған
Қайран Қарасазым-ай
Үйрек ұшып қаз қонған
Көкқұтандар көлбеңдеп
Көтеріле алмайды
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп
Көк қояндар заулайды
Тамаша еді жазғы орман
Тамашалап мәз болған
Қайран Қарасазым-ай
Үйрек ұшып қаз қонған
Мұздай суын атқылап
Ақ бастаулар қайнаған
Тана-торпақ шапқылап
Оқыралап ойнаған
Тамаша еді жазғы орман
Тамашалап мәз болған
Қайран Қарасазым-ай
Үйрек ұшып қаз қонған
Қайран Қарасазым-ай
Үйрек ұшып қаз қонған
«Скопировано с сайта www.karaoke.ru»
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1