Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алибек Алиба - Сенин Конилине карап | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен грузчик бола тұрайын,
Ауыр жүкті тасып-тасып,
Үсті басым сасып-сасып
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен официант бола тұрайын,
КЕшіріңіз дей тұрайын,
Қалдықтарды жей тұрайын,
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен электрик бола тұрайын,
Мың вольттарға көнейін мен
тоққа түсіп өлейін мен,
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен трубочист бола тұрайын,
Баяғы енді ақ бала жоқ,
Беті басым қап-қара боп,
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен мұғалім бола тұрайын,
Ізгі жан боп жаралайын,
Студенттерден пара алайын,
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен музыкант бола тұрайын,
Кабактарда ән салайын,
Қанша берсе, сонша алайын,
Жаным, сені баға тұрайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен техничка бола тұрайын,
Жанымдағы Азаматпен
Жүрейін туалет тазалап мен,
Жаным, сені баға тұрайын.

Жаным сенің көңіліңе қарап
Мен бутылка жинай тұрайын,
Қоқыс жинайм, қарама, тек
Тиынымды саған әкеп,
Жаным, сені баға тұрайын.

Жаным сенің көңіліңе қарап
Кредит алып, жаба тұрайын,
Қарыздарым түсіме енсін,
Сонда, бәлкім, түсінерсің
Байлығымның мына сыңайын.

жаным, сенің көңіліңе қарап
Мен бизнесмен бола тұрайын,
Ақшаны кеп күрейін мен,
Қатайып ап жүрейін мен,
Жаным сені баға тұрайын.

Жаным сенің көркіңе қарап,
Мен өзіңді баға тұрайын,
Ал негізі байқаңыздар,
Керек емес чайка қыздар,
Мамамменен бола тұрайын!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-