Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Баги & Баллер - Қаракөзіме | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.

Мен сені сүйіп өтем, ешқашан ұмытпа
Жүрегімнен жас шығады мың түрлі сұмдыққа.
Сыздатып ауырады, өзіңді сағынады
Қолым жетпейтін менің арманым алыстағы.
Күндерім өтер сенсіз сағыныш құшағында
Неліктен алыстадың, жауап берші сұрағыма!?
Өмірім өзгерді, айнала құбылып
Барамын тек өзіңе жығылсам, сүрініп .
Ауыртпа жүректі онсыз да ауыратын,
Алыстама меннен онсыз да алыстасаң.
Үзбеші үмітті үзіліп жалғанған
Алдама сен мені, пайда жоқ алдаудан.

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.
Қара көзіме, қара қара көзіме
Бұл әлемді сыйладым, жаным өзіңе...

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.
Шын жүректен өзіңді жаным ұнаттым
Қайта оралшы сүйіктім жаным өзіме!

Сұрамай-ақ қой жағдайымды, бәрі жақсы
Ия, естіп жатырмын бақытыңды тауыпсың.
Бақытты бол мені бақытсыз қылған ару
Қолымнан келмеді сенің көңіліңді табу.
Қараңғы бөлме, қолымда шылым
Ай жарығы көрінбейді, бұл жүрек жырым.
Шырыны ақты жүректің сығылып қатты,
Сенің қылықтарын жүрек соғысын тоқтатты.
Қысқа көйлек, бетіңде сенің қалың маска,
Жүрегіммен іздеуде басымды ұрып тасқа.
Мені қинасаң қинай бер жүрегіме тиіспеші
Онсыз да алыс тұрған бақытымды кездірмеші.
Кетсең кете бер, білдіртпей кетіп қалшы,
Жүрегімде тот басқан қанжарды суырып алшы.
Алысташы меннен деп ойланбай айта берем
Ойланбай не оттасам да бәрібір де сүйем.

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.
Қара көзіме, қара қара көзіме
Бұл әлемді сыйладым, жаным өзіңе...

Қара көзіме, қара қара көзіме
Қара көзіме, қара қара көзіме
Шын жүректен өзіңді жаным ұнаттым
Қайта оралшы сүйіктім жаным өзіме!

Тағы да автоответчик, тағы да үнсіздік
Қазір жаныңда кім бар екені маған қызық.
Қай жерде жүр екенсің бұндай кешкі уақытта
Мені бақытсыз қылу саған сол бақыт па?

Бақытымнан айыру сенің қолыңда түсіндім
Аппақ аттағы ханзада мен емес екенмін.
Керегіне көкіректік биік сана өзіңді
Маған қымбат күнделікті көру қара көзіңді.
Афродитасы болдың менің ертегімнің
Ертегілер бақытпен бітетін еді түсінбедім.
Түсінбедім мен сені қылықтарыңды ,
Жүрегім сені қызғанып жынымды шығарады.
Қызарады көздерім толып қызыл қанға
Демім тарылды айқай салып жалғыздық жаққа.
Төртбұрышты бөлмеден сыртқа шыққым келмейді,
Бақытсыз жүрек бақытты жандарды көрмейді.

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.
Қара көзіме, қара қара көзіме
Бұл әлемді сыйладым, жаным өзіңе...

Қара көзіме, қара қара көзіме,
Қара көзіме, қара қара көзіме.
Шын жүректен өзіңді жаным ұнаттым
Қайта оралшы сүйіктім жаным өзіме!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-