Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бакдаулет Арыстан - (( | Текст песни и Перевод на русский

Pesni.guru - сайт для Гуру

Авторы: Бақдаулет Арыстан
Жүректесің
Көрінбейді көріктім көзің мүлде,
Сені ойға алып айтылар сөзім бірде.
Сені есімнен шығарам деп жүргенде
Есім шығып кетіпті өзімнің де.

Неше жаз бен күз өтті неше көктем,
Күндерімді аңсаймын кешегі өткен.
Әле есімде ақпан да біз екеуміз
Әппақ қарды саялап төсек еткен.

Есіңде ме көп еді арманымыз,
Аққала, шырша болған жан-жағымыз.
Сен сол күннің барлығын ұмыттың ба?
Телефонмен атушы ед таңдарымыз!

Сен менің жүрегімнің жүрегісің,
Жүрегімді сағынтып жүремісің?
Мен саған қаншама ән арнап едім
Тым болмаса біреуін білемісің...?

Соңғы рет сені көріп үлгерем бе?
Басқаға ілесіпсің жүр дегенге.
Қай күні тұрмыс құрып ұзатылып
Қай күні ана болдың білмегемде...

Сезім, басты қайғыға алып тықты
Бір пысық жан өзіңді тауып күтті.
Он екі айды баяндап отырған да
Он екі тал темекі жанып бітті.

Осылай ғашық болғам бір аруға
Әлім жетпей есімнен шығаруға.
Жылуын жүрегімнің сезіне алмай
Сұлуым кезіктірген сыңарын да.

Менің ғана жүрегім қайғы алыпты,
Ол бақыттан көңілі жайланыпты.
Кеше ғана түн болса шыкпайтын қыз
Отбасы бар әйелге айналыпты.

Өмір ғой өтер артқа бір қарамай,
Келбеті де көркем ед тұнған арай.
Тағы да туған күні жакындауда
Мұңға батып отырмын мұңдана алмай!

Ұзатылды, естідім жыламайды
Сезем ол, әле мені кінәлайды.
Біз екеуміз көктемде қоштасқанбыз
Сондықтан маған көктем ұнамайды.

Ел кезіп кетсем бе екен бір ақындай,
Сол кезде мені бәрі ұғатындай.
Адамдар көктемді көп күтеді ғой
Ал көктем мені күтіп тұратындай.

Сезімім сенімімді сатып берді,
Қайта іздеп табайын бақытты енді.
Қыста келді келесі мезгіл көктем
Халық танып, жұбанар уақыт келді...

Іздеп сені тапсам да бара алмаймын,
Мен сол қара жігітпін ағармаймын.
Сұрайтыным: Қайтаршы сезімімді
Өзге ге де ғашық боп ән арнайын!

Мойнымдағы тым ауыр шіркін жүктер,
Сонғы рет бір көрейін мүмкүндік бер?!
Енді мен жар болатын жан іздеймін,
Айналам да өріп жүр бір түндіктер...

Баяғы Бақдәулетке қайта алмаймын,
Жанымды жеп жүр менің байқалмай мұң.
Сағыныш оты бір күн сөніп қалар...
Қызғаныш отын бірақ айта алмаймын!

Күйіп барам досым-ау Жолдасбегім,
Ғашық адам ұмытпай оңбас дедім.
Көгершінім әле де сені ойлаймын,
Сен болмасаң мен ақын болмас па едім?...

Адам,
Адам қартаяр жасармайды,
Мені қинап, сүйреп жүр асау қайғы.
Жүз арумен жатсам да аймаласып
Сенің тәтті ерніңнен аса алмайды.

Саған өмір керектің бәрін берген,
Жанарымды жасырдым жалын көрген.
Тан қаларым күйеуің сүйіп жүрген
Ерніңнін мен бірінші дәмін көргем!

Өтті кетті бәрі де оралмайды,
Өкінгенмен еш пайда бола алмайды.
Артық айтсам ақылдым айып етпе...
Сенің жүзің жүректе жоғалмайды.

Қатайғаны сезілді қанатымның,
Сонда да сені ойласам уайым жұтам.
Сен үшін көзімді ілмей таң атырдым,
Ал ендеше ұйықтаймын қайырлы таң.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-