Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекболат Тілеухан - Қайран Еділ (Қазтуған жырау) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ қала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,

Қайран-да менің Еділім,
Қайран-да менің Еділім

Қарға бойлы Қазтуған,
Қарға бойлы Қазтуған,
Батыр-да болып туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Қарағайдан садақ будырып,
Қылшанымды оққа толтырып,
Жанға сақтау болған жұрт.

Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы ордам қонған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер,
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең,

Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас,
Бақасы мен шаяны
Кежідегі адамға
Түн ұйқысын таптырмас,

Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!..


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-