Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекболат Тілеухан - Домбыраға қол соқпа... Абай | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Домбыраға қол соқпа,
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп.

Қайғылы көңілім қайдағы
Бұрынғымды жаңғыртар.
Қайратты алып бойдағы,
Басымды қайғы қаңғыртар.

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.

Махаббат, қызық, мал мен бақ
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?

Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар!

Көзіме жас бер, жылайын,
Шыдам бер, сабыр қылайын.
Жаралы болған жүрекке
Дауа бер, жамап сынайын.

Көлеңке басын ұзартып,
Алысты көзден жасырса;
Күнді уақыт қызартып,
Көк жиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар,
Ой жіберіп жан-жаққа.

Қарашада өмір тұр,
Тоқтасаң, тоқсан көнер ме?
Арттағы майда көңіл жүр,
Жалынсаң, қайтып келер ме?

Майдағы жұрттың іші қар,
Бәйшешек қарға өнер ме?
Ішінде кімнің оты бар,
Қар жауса да, сөнер ме?

Жақсылық ұзақ тұрмайды.
Жамандық, әр кез тозбайды.
Үмiттiң аты елірiп,
Қос тiзгiндi созбайды.
Қос тепкiнi салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бiр қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды,
Жер қорығыш желгек шал
Желiп жүрiп боздайды.

Алдадым, ұрдым, қырдым деп,
Шалықтап, шалқып, шатпай ма.
Қапысын тауып тұрдым деп,
Қулығын бұлдап сатпай ма.
Момыннан жаман қорқақ жоқ,
Қу, пысық деген ат қайда,
Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

АЛЛАХ деген сөз жеңіл
АЛЛАХқа ауыз жол емес,
Ынталы жүрек, шын көңіл.
Өзгесі Хаққа қол емес.

Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі,
Көңілден кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-