Қызығам қолыңдағы, Құлпырған қызыл гүліңе. Сұқтанып қарай бердім, Қазақ қыз сенің өзіңе. Сұрарым қабыл алшы, Сыйымды ән қып арнайын, Алматыға күйеу бала, Күйеу бала болып қалайын.
Тамсанам ауқым қанбай, Бал шырын сенің сөзіңе. Сұқтанып қарай берем, Қазақ қыз қара көзіңе. Сөзімді шетке қақпа, Әнменен сырымды ашайын. Алматыдан ауылға, Мен сені алып қашайын.