Бақыт кімді таңдап? Кімдерге қонады? Әлде бізді алдап, Сезімге айналады. Сыбырлайды сезім. Естідің бе сөзім? Жауап табамын қайдан? Шыдай ма төзім?
Қайырмасы: Кім үшін? Не үшін? Сарқылды. Бар күшім, бар күшім. Алғаш көру, жанып-сөну, Тағдыр ма? Тағдыр ма? Өліп сүю, жанып-күю. Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Бақыт деген қорған. Кімдер жеткен оған?! Сырты бақша, Іші жан баспаған орман. Шақырады мені, Елестетіп сені, Көрдім бұлт арасынан, Қарашы, қарашы...
Қайырмасы: Кім үшін? Yе үшін? Сарқылды. Бар күшім, бар күшім. Алғаш көру, жанып-сөну, Тағдыр ма? Тағдыр ма? Өліп сүю, жанып-күю Тағдыр ма? Тағдыр ма?
Не қалды тарақ-тарақ шашылған жүрегімнен. Жөндей алмаспын енді сынғанын білемін мен. Қолымнан құлап түсіп күл болды өзегімде. Сертімді сенімен бірге жерледім өз қолыммен.