Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Рамазан Стамғазиев - Көкшетау Сәкен | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп
Жүреді біліп кетіп есен-сауын

Сексен көл Көкшетаудың саясында
Әрқайсы алтын кесе аясында
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі
Көкірек қанша жұтсаң - тоясың ба?

Ырғалған көше бойлап қарғайы
Қасында көк желекті әппақ қайың
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мас қылады иіс майың

Көкпеңбек құз басынан мұнар кетпес
Басына атсаң-дағы оғың жетпес
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Көкшетау. Рамазан Стамғазиев Көкшетау. Рамазан Стамғазиев
    Өлеңнің авторы - Сәкен Сейфуллин. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш ...