Pesni.guru - сайт для Гуру
Көлің қайда, туған елім?
Шабақ болам титтей.
Белің қайда, туған елім?
Ойнақтайын киіктей.
Далаң қайда, туған елім?
Жатайын да, ойлайын.
Бабам қайда, туған елім?
Сақалымен ойнайын.
Қ-сы:
Тауың қайда, туған елім?
Табынайын, ардақтай.
Жауың бар ма, туған елім?
Атылайын садақтай.
Шөлің қайда, туған елім?
Шөліркейін, аңсайын.
Құлазыған құмдарыңда
Ғұмырымды тауысайын.
Қ-сы:
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2