Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шынгысхан Есет - Алыстағы жақыным (АЛМАС ТЕМIРБАЙ) | Текст песни

Кім сағынып,
Кім сүймеді, е, мені...
Сенен басқа жоқ ешкімнің керегі!
Неге менің Өмірімнің жолдары,
Қайта-қайта саған алып келеді?!

Мың шақырым,
мың шақырым − арада,
Жолға қарап, жүрмін жалғыз далада.
Бұл қалада тәнім ғана жүр қазір,
Ал, жүрегім − мүлдем басқа қалада...

Көк долы жел көтерілді шығыстан,
Көршілерім, келеді, әне, жұмыстан.
Шіркін, сені ойлап келе жатқанда,
Шыға келсең, қазір анау бұрыштан...

Шыға келсең, қарсы алдымнан, расында,
Жүрсең, сосын... менің ғана қасымда!
Әттең, бірақ, сені көрмек түгілі,
Арман болды-ау, бір тал қара шашың да...

Жұрттың бәрі үйге қашып суықтан,
Ал мен мәзбін, жұртқа күліп миықтан.
Сен жарық Күн сияқтысың... Алыста
Жүрсең дағы жан-тәнімді жылытқан.

Өз-өзіңді күтпейсің-ау, тоңғағым,
Жеңіл жүрме, бар уайымым – сол, жаным.
Тоңбадың ба?! Ыстығына шілденің,
Сұп-суық боп жүруші еді-ау қолдарың...

Аласұрып ақпан жатыр құбылып,
Сенен ғана сезіледі жылылық.
Қала суық, қара суық, мұндайда
Жылы жаққа кетсем дейсің қыдырып...

Қайтем, бірақ, Шри-Ланка, Багамын,
Коста-Рика, Бора-бора аралын?!
Әлемдегі керемет жер − мен үшін −
Сенің ыстық құшағың ғой, уа, жаным!

Қажет емес Рим, Париж, Лондоны,
Венеция... қызық емес ол дағы.
Біреуін де қаламаймын мен соның,
Жүрегіңде өмір сүрсем, болғаны!

Сағыныш па?
О, не қылған желік бұл,
Кетсем, шіркін, от-деміңнен еріп бір?!
...Мың шақырым, мың шақырым − арамыз,
Ал мен сені құшақтағым келіп тұр...

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -