Бота Бейсенова - Мама текст песни

1.Жүрегінің бір бөлігін бөліп беріп,
мына жарық дүниеден өмір беріп,
бесігімде тербеп мені әнге салған,
сол бір асыл жан.

қ-сы:
Ақ сүт беріп аяладың, мама,
жан шуағын аямадың, мама.
Қанатыңды саяладым, мама.
Қандай әсем күлгенің.
Ай қабағың таңдай ашық, мама.
Папамызда саған ғашық, мама.
Ортамызда қандай бақыт, мама,
аман есен жүргенің.

2. Маған деген шексіз оның махаббаты,
ақылшы, дос, биік таудай парасаты.
Шаңырақтың алтын күні сияқтанған,
сол бір асыл жан.

3. Үлкен болып өссем дағы мен бұл күні,
аңсап жүрем "ботақаным" деген үнін.
Бұл әлемде бәрінен де кымбат маған,
сол бір асыл жан.
Другие тексты песен "Бота Бейсенова"




Видео
  • Бота Бейсенова "Нұр Отан" Бота Бейсенова "Нұр Отан"
    Бота Бейсенова "Нұр Отан". GANYBEISENOV ... Play next; Play now. Торкiнiм ! !! Б Бейсенова -И Сапарбай ...