Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

SaFFaT (S.M.Pro) - Kulsarybattle3_r1 | Текст песни

Кезеңі қансонардың аңшыда құрал-сайман
Кезегі battle-дың СаФФат қапыда қалман.
Ұрғандар кеуделерін мақсатсыз сөйлеп болмайды
Дарияның жанынан құдығын қазған сыңайлы.

Оңай нәрсе қалайды, көтеріп көкке мысын
Алысқа апармайды бауыр түсін, осы ісің
Төлемін ақындықтың арғы жақта сұрайды
Шынайы шайырлар шындықтың жібін ұстайды

Еркіндікте құстай , қазірше тайраңдасын
Көпіртіп ауыздарын өзіңше шайқалтасың
Болмаса бас ұрасың көздегенің теріс болса
Тағы да шыңдаласың саналы ақылды болсаң.

Өмірдің тосын сыйы сені де соққыларға
Жығады нағыз азамат сабырлықпен шыдады
Желменен жарыспағын бәрібір де ұстатпаған,
Көлеңкесін қуған адасқаннан қанша адам.

Ұшқан қара қарға бәрібір сұңқар болмас
Қанша ақырса есек мақтанып тұлпар болмас
Бәрібір кімсің? СаФФат бәрін тең көреді
Ақиқат керек болса ақиқат жібін береді

Сайыстың бір кезеңі мылжыңдар мың езеді
Абай Шәкәрім дәуірі дүркірген кез еді
Қазіргі жасқа тәлім алу ісі игі еді
Ол санаға сияр салмақтылықпен өлшенеді

Қайырмасы:

Алдымда әлі бар талай кезең
Кешемін жүзем және кезем
Сындырмас қайратты рухыңды
Жырымды алдырмас өмір өзен
Сапырылып санаға қиямет үні орнады
Салмақсыздыққа онша көңілім толмады
Толғайды ішкі рухым ақиқаттан тыстайсың
Әлі алда өнеріме жағаңды ұстайсың 2 рет

Салмақтылық мінез жігітке жарасады
Жамыраған жалғаннан шабытым тасады
Пікір ділмарланған ұйқы түн ұрланған
Өнеріңді дамыт біреулерге бұл да арман.

Ойланып ойландырса СаФФатта көңіл толды
Жүректен шыққан жыр жүрек түбіне қонды
Жырларым ақиқатты жеткізе алмаса да
Ақиқат арқылы жырларым мақтауға лайық болды


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-