Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

SaFFaT (S.M.Pro) - Неге жырақтасың | Текст песни

Түн ішінде ұйқымды ұрлаған елестерің
Тіпті түстерімде маза бермей елестедің
Барлық өткен істердің бекерге болмағаны
Тыныштықсыз күнім сені көру бар уайымы
Байладық жібін берік сол болашақты көріп
Сенің нәзік үніңді жүрсем де күнде естіп
Тоймастан сан тілдестік ұялы байланыспен
Сені сүйемін десем ұялумен шектелген
Жүректің қалауы барады шыдатпай
Соншама баурағансың өзіңе жанымды-ай
Жарығым-ай
Тәңірім-ай қауыштыршы біздерді

Қайырмасы:
Неліктен неліктен жаным жырақтасың
Соншама соншама менен алыстасың
Неге? Неге?
Неге жырақтасың? Екі рет

Кездесуіміз соңғы жүрекке қиын болды
Жылуы нәзік қолдың, жоғалды сенсіз тоңды
Болса да оңды-солды менің әрбір қылығым
Айыпқа бұйырмашы-ы-ы…
Бірге болған сәттердің суреті көз алдымда
Махаббаттың осы құдыреті болғаны ма?
Жалғызданамын сірә Тәңірім өзі куә
Сүйгенім қайталаймын тағы тағы тағы да...
Жүректің қалауы барады шыдатпай
Соншама баурағансың өзіңе жанымды-ай
Жарығым-ай
Тәңірім-ай қауыштыршы біздерді

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-