Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын. Шашымның санап әр ағын, Таңырқай берме, қарағым. Санаулы басқан әр адым, Отыздан асып барамын.
Қайырмасы: Қуанып кейде қаламын, Қуарып кейде қаламын. Қартайған ата-анамың Артынан еріп барамын.
Белгісі тұр ма ағаның, Бетіме неге қарадың? Бақытын тілеп баланың, Отыздан асып барамын. Әзілің қайда, қарағым, Әжімге несін қарадың? Артымда қалып аларым, Отыздан асып барамын.
Қайырмасы:
Солай да, солай, қарағым, Көңілдің таппай қалауын. Жастықтың жықпай жалауын, Отыздан асып барамын. Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Қайырмасы:
Другие названия этого текста
Айқын Төлепберген - Отыздан асып барамын (30 асып барамын) (0)
Айқын Төлепберген - 30 асып барамын ----- МИНУС (0)
Айқын Төлепберген - 30 асып барамын /ib_kazminus/ (0)