Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада | Текст песни

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.

Қайырмасы:

О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.

Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.

Қайырмасы.

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан, дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Әй, адамдар, жол беріңдер анаға.

Қайырмасы.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты болсын] Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты болсын]
    Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты болсын] ... Маржан Арапбаева - Ана туралы баллада халықты жылатты ...
  • Маржан Арапбаева - Ана туралы баллада.mp4 Маржан Арапбаева - Ана туралы баллада.mp4
    Маржан Арапбаева - Ана туралы баллада. ... Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты болсын] - Duration: 3:48. by ...
  • Роза Рымбаева-Ана туралы баллада Роза Рымбаева-Ана туралы баллада
    Ана туралы баллада - эту песню она впервые исполнила на эстраде, ... Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты ...
  • Сахариева Алтынай - Абзал Ана Сахариева Алтынай - Абзал Ана
    Сахариева Алтынай - Абзал Ана ... Алтынай Жорабаева - Ана туралы баллада [Үш жас бақытты болсын] - Duration: 3:48. by ...