Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Алтынай Жорабаева - Өмір ай (2016) | Текст песни

1.Жаралып сұлу тəніміз,
Беріліп оған жанымыз,
Өмірге келдік бəріміз,
Анамыздың құрсағынан...
Тəніңде жүрмес жан мəңгі,
Адамның жолы бағдарлы,
Келмеске кеткен жандарды,
Жаным жылап, шын сағынам..
Өмір кейде мəнді емес..
Құлатқанда жар белес,
Өмір деген өтпелі,
Адамдар мəңгі емес..

Қ/СЫ

Өмір-ай, өмір ағын судай,
Адамның жаны қауырсындай,
Қиындықтарда сағым сынбай,
Жүрсем екен, жүрсең екен,
Өмір-ай, өмір, сағым кейіп,
Иманның алтын тəжін киіп,
Бір-бірімізді қадірлейік!
Тал бесіктен, жер бесікке дейін..

2.Əр күнің шыдап дауылға,
Шағылмай асқар тауың да,
Құшағын ашқан бауырға,
Алғыс-тілек айтатын күн..
Өмірдің мəні сыйластық,
Өмірдің мəні өтініш,
Қалмасын іште өкініш,
Ауылыңа қайтатын күн..
Өмір кейде мəнді емес..
Құлатқанда жар белес,
Өмір деген өтпелі,
Адамдар мəңгі емес..

Қ/СЫ

Өмір-ай, өмір ағын судай,
Адамның жаны қауырсындай,
Қиындықтарда сағым сынбай,
Жүрсем екен, жүрсең екен,
Өмір-ай, өмір, сағым кейіп,
Иманның алтын тəжін киіп,
Бір-бірімізді қадірлейік!
Тал бесіктен, жер бесікке дейін..

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-