Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Бақыттымын! | Текст песни

Бақыттымын бақытты болғаныма,
Бақыттымын он сегіз толғаныма.
Жүрек бөлек болса да дүрсілдеген
Бақыттымын тілек бір болғанына.

Бақыттымын таңымның атқанына,
Күн қиялап ұяға батқанына.
Бақыттымын тап болған махаббатың,
Ғашықтық деп аталған қақпанына.

Бақыттымын бақыттан суынбадым,
Қасірет пен мұңдарға жуынбадым.
Мұсылманмын бастысы, бақыт маған
Қазақтың баласы боп туылғаным.

Бақыттымын, бақытты, бақыттымын,
Баласымын себебі бақыттының.
Кездестіріп бақытты қала берем,
Бақыттымын, бақытты бола берем.

© Арман Құдайберген #АҚ

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-