Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН - Кетер дейсің нем менің?! | Текст песни

Кетер дейсің нем менің?!

Мені біреу \"жаман\" десе...
Сенбегін,
Сенсең мейлің, кетер дейсің нем менің.
Көрсем деймін көзімменен, болмаса,
Мен сенбеймін сөздеріне пенденің.

Мені біреу \"жақсы\" десе...
Сенбегін,
Сенсең мейлің, кетер дейсің нем менің.
Адалдықты ардақтайтын адаммын,
Пенделікті ұнатпайтын пендемін.

Еленер ме, еленбес пе еңбегім?!
Таразының екі басын теңдедім.
Көзімнен көр, көр де ұққын сырымды,
Тым болмаса жырымды оқы, сен менің.

Көз ашқалы күн менен түн көргенім,
Өлсе өлең менің-дағы өлгенім.
Арман жайлы сөз айтылса сене бер,
Кетер дейсің нем менің?!...

Авторы: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-