Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Асанов Адлет - Ана, балаң бұзылды | Текст песни

Жас күнімде өссем дедім,
Суын кезіп кешсем дедім.
Үлкендерге еліктеумен,
Шіркін соған лессем дедім.
Біз қадірін түсінбедік,
Ана берген бес теңгенің.
Өкінішті өзекті өртеп,
Барлығына кеш сенгенім.
Тар санаға кіріп шықпас,
Біткеннен соң естен ненің.
Ана - балаң бұзылды.

Өссе бала самғар дедім,
Ақ жолды әркез таңдар дедім.
Перзент болғым келді менде,
Күмәнданбай артар сенім.
Қазір бірақ түнек басты-ау,
Қарқынымен жалтар демін.
Адам түгел анасынан,
Табады ғой аңдар да емін.
Бұл фаниде сенің ғана,
Алатаудай заңғар теңің.
Ана - балаң бұзылды.

Қара бұлттар бар аспанда,
Ой түнекте адасқан ба?
Қара күштер жеңіп кетті-ау,
Жүрегіме таласқанда.
Ұлы Алла қолдау береді,
Ыңғайына қарасқанда.
Күллі әлемді бағындырар,
Ұл шығар ма еді Алаштанда?
Дос болды ғой бірақ балаң,
Көп шөлмекпен жаласқанға.
Ана - балаң бұзылды.

Құлымыз ғой бір Алланың,
Көмек әркез сұрар жаным.
Шыңға шыққам енді міне,
Құзға құлап мың аунадым.
Аралауға қайта келдім,
Қара өлеңнің жыр алқабын.
Домбыраның үніменен,
Сол жүрекке сыр артамын.
Ұлың бұл күн мүшесі екен,
Ішіп журген бір ортаның.
Ана - балаң бұзылды.

Құлымын ғой Құдайымның,
Кешірімін сұрайын мың.
Ана - жерсің, ал мен болсам,
Іштен шыққан мұнайыңмын.
Ақ қолыңмен тағы анашым,
Нұрын шашшы шырайыңның.
У суына тойып біттім,
Бұл жалғанда құр ойынның.
Шын пейілін сен сезесің,
Кеудемдегі жылы ойымның.
Ана... кешір балаңды.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-