Әні: Ерасыл Серікұлы Сөзі: Алтынай Абеуталипова Бақыттың жыр әнін, Тапқанмын өзіңнен. Сен жаққан сезімнің, Өшпесін білем мен. Сол жаққан шыраққа, Жылытшы күн-айым. Өзіңнен сезем мен, Мол шуақ арайлым. Армандап талай күн, Деп нұрлы таңдарда. Бақытты болармыз, Бұл мүмкін жалғанда. Әрдайым бірге боп, Есерміз ескегін. Өмірдей теңіздің, Бір кешіп тұнығын. Қ/сы Тастап мені шырғалаңға, Салдың мені мұңлы арманға. Жүрегім менің тілім-тілім, Өмір сүрем қалай ғана. Қайта оралшы құсым менің Ұшып кетпей алыс жаққа, Тек алысқа! ! !
Өзіңді мен ойлай, Атырдым талай таң. Жүректе тулайды, Саған деген сезім-ай. Бәрі де зуылдап, Өтті де сағымдай. Бұлдырап болашақ, Бағытым жоғалды-ай. Барымды тонадың, Махаббатты ойға алмай. Бір ауыз сөз айтпай, Кете бардың қарамай. . Қ/сы