Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Кеш You - Домбыра | Текст песни

ә. Кеңес Дүйсекеевтікі
с. Шөмішбай Сариевтікі

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзіледі, үзіледі, үзіледі әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!

Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!


Другие названия этого текста
  • КешYou - Домбыра туралы баллада (0)
  • Кеш You - Домбыра (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Домбыра Домбыра
    This video is unavailable. You need Adobe Flash Player to watch this video. Download ... Айгул ...
  • КЕШYOU - ӘДЕМІ ҚЫЗ (Kz 2010) КЕШYOU - ӘДЕМІ ҚЫЗ (Kz 2010)
    Music video by Kazakh girls band KEshyou - Ademi kyz (Beautiful Girl)
  • KeshYou - Sugirdyn termesi - Kazakhstan. KeshYou - Sugirdyn termesi - Kazakhstan.
    KeshYou - Sugirdyn termesi - Kazakhstan. ... video is unavailable. You need Adobe Flash ...
  • Алмагул Боданова Домбыра туралы баллада Алмагул Боданова Домбыра туралы баллада
    You need Adobe Flash Player to watch this video. ... Молдир Ауелбекова Домбыра туралы толғау Ән мен ...
  • Алишер Каримов - Домбыра/ Dombyra by Alisher Karimov Алишер Каримов - Домбыра/ Dombyra by Alisher Karimov
    You need Adobe Flash Player to watch this video. Download it from ... Алишер Каримов - Домбыра/ Dombyra ...