Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрғали Нүсіпжанов - Теріскей | Текст песни

ТЕРІСКЕЙ
Сөзі: А.Көшеров

Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?

Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген

Другие названия этого текста
  • Нұрғали Нүсіпжанов - Теріскей (1)
  • Шәмші Қалдаяқов (Нұрғали Нүсіпжанов) - Теріскей (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
Нет видео
-