Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Оналхан Наурызбаев - Туган жерим Куланым! | Текст песни

Туған жерім, Құланым!
Сөзі: Нариман Дәулетов
Әні: Арман Бексұлтан

Туған жерім, Құланым, қасиетті өз елім
Саған деген сағыныш, алыс кетсем сеземін!
Сұмқайтыдай көлім бар, шежірелі елім бар,
Бойыңда дерт қалдырмас Қарақыстақ өзенім!

Қ-сы:
Туған жерім ұраным,
Қасиетті Құланым!
Ажарыңды ашқандай
Өзен, көлің, бұлағың.
Көне жерім, Құланым,
Өскен жерім тұрағым
Саған мәңгі арналар
Жүректегі жыр-әнім!

Құтты мекен Құланым, кең даламның белінде,
Өрлігіңнің белгісі қыран ұшқан көгіңде!
Әбілхайыр бабамыз орда тіккен бақ мекен,
Қасиетіңнен айналдым Ақыртөбе төрінде!

Бойға қуат аламын, Құланыма келем де,
Арқау болдың әніме, қуат болдың өлеңге!
Әбсенттей тұлпарым, бауырыңда жараған,
Мәртебесін Құланның жайды бүкіл әлемге!


Другие названия этого текста
  • Оналхан Наурызбаев - Туган жерим Куланым! (0)
  • Оналхан Наурызбаев - Туган жерим Куланым (минусовка) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -