Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Төкешов Исламбек - №1. Я Алла (Дұға) | Текст песни

Қ-сы:
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман.
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман.

1)
Я Алла мойындаймын күнәһармын,
Күнәмді кешірші Алла, рахымдысың.
Жүрекке мықты иман бер, әлсіретпе,
Қалауыңмен назарыңнан тыс қалмайын.

Я Алла Сен менің Жаратушым,
Тек мен емес, күллі әлем болмысының.
Руза, намаз, дұға, ниет, тілектерін,
Қабыл етші мүмін құл, мұсылманның.

Руза, намаз, дұға, ниет, тілектерін,
Қабыл етші мүмін құл, мұсылманның.

Қ-сы:
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман.
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман.

2)
Я Алла жаман емес, жақсылардың,
Қатарына қоса гөр бізді әрдайым.
Түрлі фитнә, аура-апат, бәле-жала,
Осылардан әркез бізді сақтағайсың.

Күш қуатын арттыра гөр дін Исламның,
Хафыздарын көбейткейсің Отанымның.
Ізгі ұрпақ сүюімді нәсіп етші,
Өлсем артым Құран оқып бағыштайтын.

Ізгі ұрпақ сүюімді нәсіп етші,
Өлсем артым Құран оқып бағыштайтын.

Я Алла сақташы азабынан тозақтың,
Расында азабың Сенің қатты тым.
Өзіңнен рахмат, пайғамбардан шапағат,
Нәсіп етші екі дүние жақсылығын.

Я Алла уәсуәсінан шайтанның,
Басқаға емес, тек Өзіңе сыйынамын.
Отанымды, отбасымды аман етші,
Сенен басқа жоқ Тәңір мойындадым.

Отанымды, отбасымды аман етші,
Сенен басқа жоқ Тәңір мойындадым.

Қ-сы:
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман.
Я Алла, я Алла,
Я Алла, я Рахман. (2х)

Аллаһу Әкбар! (Әмин)

Әні мен сөзі: Төкешов Исламбек Құдайбергенұлы.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-