Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Шәмші Қалдаяқов (Маяқұм) - Туған күн кешінде (Жазира Байырбекова) | Текст песни

Тойыңа гүл алып
Келіп ем қуанып
Қарсы алдың күлімдеп, көктемдей
Жүзіңе нұр толып
Кетіпсің құлпырып
Бір бақыт сәулесін сепкендей
Қайырмасы:
Сен туған күн, мерекеміз
Ән бастайық, кел екеуміз
Ұмытпа сен құрбым
Есте қалсын мәңгі бұл күн
Жасқанба, жасыма
Отыршы қасыма
Басталсын бір терең әңгіме
Қолыңды бер еркем
Қуансын ел ертең
Жалғыздық жоғалсын мәңгіге
Қайырмасы.
Көп жүрме сарылып
Жетсе де кәрілік
Қақпаңды ашпа сен уақытсыз
Жастықтың жарығын
Жүректің жалынын
Өшіріп алған жан бақытсыз

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-